«Әкемтеатрдың» Қырғыз еліне сапары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әкемтеатрдың» Қырғыз еліне сапары басталды

06.10.2014
«Әкемтеатрдың» Қырғыз еліне сапары басталды

Бүгін  М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының Бішкек қаласындағы гастрольдік сапары басталды. Гастроль шымылдығы Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры сахнасында  «Абай» спектаклімен ашылады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Театрының гастрольдік көрсетілімдері  6-12  қазан аралығында өтеді. Көрерменге театр ұжымы М.Әуезовтің «Абай», Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат», Д. Исабектің «Жаужүрек», Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..», Б.Жәкиевтің «Жүрейік, жүрек ауыртпай», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Р.Отарбаевтың «Бейбарыс Сұлтан» спектакльдерін ұсынады.

Қырғыз сахнасында ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімовтен бастап, Торғын Тасыбекова, Төлеубек Аралбай, Айдос Бектемір, Шәмшәгүл Мендиярова сияқты өнер майталмандары, жалпы саны 40-қа жуық актер өнер көрсетпек.

Хабарламаларға жазылу