Джефф Безос табиғатты қалпына келтіруге 2 млрд доллар бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джефф Безос табиғатты қалпына келтіруге 2 млрд доллар бөледі

03.11.2021

«Амазон» компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос табиғатты қалпына келтіруге және тамақтану жүйесін өзгертуге 2 млрд доллар бөлмек. Америкалық миллиардер бұл шешімін Шотландияның Глазгосында өткен Климаттық саммитте жариялады. Сөйлеген сөзінде кәсіпкер адамзатты әлемді қорғау үшін бірігуге үндеді. Қаражат Безостың Жер қорынан жұмсалады. Бұған дейін кәсіпкер 2030 жылға дейін климаттың өзгеруімен күреске 10 млрд доллар бөлетінін мәлімдеген еді.    

Хабарламаларға жазылу