Алматыда «Өз ағашыңды отырғыз және табиғатты сақтауға көмектес!» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Өз ағашыңды отырғыз және табиғатты сақтауға көмектес!» акциясы өтті

20.04.2015
Алматыда «Өз ағашыңды отырғыз және табиғатты сақтауға көмектес!» акциясы өтті

Алматыда «Өз ағашыңды отырғыз және табиғатты сақтауға көмектес!» атты акция өтті.

Қоғамдық шара Іле-Алатауы Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағының Медеу шатқалында 2011 жылы дауылдан бүлінген табиғатты қалпына келтіруге бағытталды.

Акцияға қала тұрғындары мен студенттер, табиғатты қорғау мекемелерінің мамандары, «Жасыл ел» жастар ұйымының белсенділерінен құралған барлығы 700-ге жуық адам қатысты.

Қатысушылар 123 гектар аумаққа тазарту жұмыстарын жүргізді.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу