Илон Маск әлемнің ең бай адамы атағын қайтарып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илон Маск әлемнің ең бай адамы атағын қайтарып алды

19.02.2021
Илон Маск әлемнің ең бай адамы атағын қайтарып алды

Илон Маск әлемдегі бай адамдар тізімінде тағы да көш бастады. 

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, SpaceX бағалы қағаздарын орналастырудың келесі раундынан кейін Масктың байлығы 199,9 миллиард доллар болды. Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 194,2 миллиард доллар деп бағаланып отыр.

Жалпы, осы жылдың басында Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орында болды. Алайда Tesla акциялары төмендеп, ақпан айының ортасында Безос оны басып озған еді.

Дереккөз: gazeta.ru


Хабарламаларға жазылу