Нотр-Дам соборын қалпына келтіруге 1 млрд доллар жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нотр-Дам соборын қалпына келтіруге 1 млрд доллар жиналды

17.04.2019

Париждің өртенген Нотр-Дам кафедральдық соборын қалпына келтіруге 1,5 күннің ішінде 1 миллиард доллардай қаражат жиналды. Мұны бүгін президенттің Мәдени мұралар елшісі Стефани Берн «Франс-инфо» телекомпаниясына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның сөзінше, католиктік шіркеуді реставрациялауға 995 миллион долларды «Эппл», «Лореаль», «Шанель», «Диор» тәрізді компаниялар мен Франция мен әлемнің көптеген қалалары және католиктер қауымы бай адамдар аударған.

Собордың неден өртенгені әлі анықталған жоқ. Бірақ кейбір болжамдарға қарағанда, онда от реставрациялық жұмыстар кезінде тұтанса керек.

Президент Эммануэль Макрон халыққа телевизиялық үндеу жолдап, ұлт символы - Нотр-Дамды бес жылда, яғни 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасы қарсаңында толық қалпына келтіруге уәде берді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу