«Форбс» журналы әлем миллиардерлерінің тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Форбс» журналы әлем миллиардерлерінің тізімін жариялады

06.03.2019

Әлемдік экономиканың проблемалары планетамыздағы ең ауқатты адамдарға да әсер етті. Олардың ортақ байлығы 400 млрд. долларға кеміген. Бұл «Форбс» журналының биылғы рейтингінен байқалып отыр. «Амазон» компаниясының негізін қалаған Джефф Безос ауқаттылар тізімін екінші жыл қатарынан бастап тұр. Оның 131 млрд. долларға татитын қазынасы бар. «Майкрософт» басшысы Билл Гейтс те 96 млрд. доллардан астам дәулетімен бұрынғысынша екінші орынға жайғасты. Белгілі филантроп Уоррен Баффет «Форбс» тізімінде үшінші тұрса, 21 жастағы реалити-шоу жұлдызы Кайли Дженнер әлемнің ең жас миллиардері атанды. «Фейсбук» желісінің негізін қалаған Марк Цукербергтің дәулеті 9 млрд. долларға кеміп, ол биыл 8-орынға түсіп қалған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу