Үш боксшы Әлем чемпионатының жартылай финалында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш боксшы Әлем чемпионатының жартылай финалында

02.11.2021

Қазақстандық үш боксшы жартылай финалда. Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов екі дүркін Азия чемпионы Нодиржон Мирзахаметтен басым түсті. Төрешілер үш раундтың қорытындысы бойынша жеңісті біздің былғары қолғап шеберіне берді. Сондай-ақ 20 жастағы Махмұд Сабырхан да әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол бразилиялық Майкл Тринидадқа қарсы жұдырықтасты.

54 келіге дейінгі салмақта өткен айқаста Махмұд Сабырхан 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Енді әлем чемпионатының жартылай финалында үндістандық Акаш Кумармен кездеседі. Өкінішке қарай, Саматәлі Төлтаев 60 келі салмақта француз боксшысына есе жіберді. Әлем додасының ширек финалында Абылайхан Жүсіпов моңғол қарсыласына ойсырата ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Қалған 6 отандасымыздың өнерін сағат 23:00-де «QAZSPORT» телеарнасының тікелей эфирінен тамашай аласыздар.


Хабарламаларға жазылу