Бокстан Әлем чемпионаты. Бүгін шаршы алаңға Данияр Елеусінов пен Иван Дычко шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Әлем чемпионаты. Бүгін шаршы алаңға Данияр Елеусінов пен Иван Дычко шығады

12.10.2015
Бокстан Әлем чемпионаты. Бүгін шаршы алаңға Данияр Елеусінов пен Иван Дычко шығады

2013 жылы Алматыда өткен бокстан Әлем чемпионы, 69 келінің №1 боксшысы, Ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов бүгін жартылай финалдық бәсекеде 21 жастағы әзірбайжандық боксшы Парвиз Багировқа қарсы шаршы алаңға шығады. Парвиз Багиров Бакуде өткен бірінші Еуропа ойындарының чемпионы. 2013 жылғы Алматыда өткен Әлем чемпионатында Данияр Елеусінов Парвиз Багировты іріктеу кезеңде ұтқан.

Сондай-ақ, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері +91 келідегі боксшымыз Иван Дычко бүгін өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасады. Жерлесіміз 21 жастағы өзбекстандық боксшымен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Бірінші рет былтыр Өзбекстанда өткен халықаралық турнирде жеңсе, екінші рет биылғы Азия чемпионатының ширек финалында ұтқан.

Еске сала кетейік, жартылай финалдық кездесулерді бүгін сағат 22:00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу