Джеймс Родригес Пеленің рекордын қайталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джеймс Родригес Пеленің рекордын қайталады

05.07.2014
Джеймс Родригес Пеленің рекордын қайталады

Футболдан Әлем чемпионатының 1/4 финалында Бразилиямен болатын матчта гол соққан Колумбия құрама командасының футболшысы Джеймс Родригес атақты Пеленің рекордын қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Колумбиялық ойыншы 23 жасында Әлем чемпионатында 6 гол салған тарихтағы екінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 1958 жылы 17 жасында даңқты Пеле жеткен болатын.

Осылайша, Родригес Әлем чемпионатының үздік шабуылшыларының көшін бастады. Колумбия Бразилиядан жеңіліп қалғандықтан енді ол бұл чемпионатта  көрсеткішін жаңарта алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Бразилия футболшылары жартылай финалда Германия құрамасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу