Қарағанды симфониялық оркестрі Анкарада өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды симфониялық оркестрі Анкарада өнер көрсетті

03.02.2014
Қарағанды симфониялық оркестрі Анкарада өнер көрсетті

Қарағанды симфониялық оркестрі Түркия төрінде өнер көрсетті. Түркі тектес елдердің танымал солистерінің қатысуымен өткен концертке халықаралық Түріксой ұйымы ұйытқы болды. Жерлестеріміз тек Анкара ғана емес, Түркияның Бурса, Ескішехир сияқты өзге де қалаларында концерт береді.
 
 Қарағанды мемлекеттік симфониялық оркестрі Түркиядағы концерттерін қаңтар айының екінші жартысында бастаған болатын. Алдымен жерлестеріміз Трабзон, Орду, Самсун сияқты қаларда өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Концертте түркі дүниесінің классикалық музыкасының жауһарларын Әзірбайжан және Түркия солистері орындады.
 
Талғат Ыдырысов, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің бас директоры:
Концерттерді халықтың қабылдауы, көрерменнің концертке деген ықыласы, соның барлығы біздің концерттік бірлестіктің симфониялық ұжымына өте ризашылығын білдіріп, әртістерде соған риза болып, концеттер жақсы өтті деп ойлаймын.
 
 Анкарадағы концерт те көпшіліктің көңілінен шыққаны сөзсіз. Түрік бауырлар біздің оркестрдің өнеріне тамсанғаны соншалық, оларға орындарынан тұрып, ұзақ қол соқты.
 
Ахмет Четин, Анкара тұрғыны:
Концерт жоғарғы деңгейде өтті. Оған өздеріңізде куә болдыңыздар. Осындай классикалық кештер жиі өтіп тұрса, керемет болушы еді. Бүгін бір тынығып қалдық.
 
Юрдагул Кая, Анкара тұрғыны:
Концерттің ұйымдастырылуы көңілден шықты. Қазақстандық оркестр өздерінің тәжірибелігін көрсете білді. Жалпы, түркі дүниесінің классикалық музыкасы басқа елдермен салыстырғанда ерекше. Сол музыкаларды аспаптармен халыққа жеткізу де үлкен бір өнер.
 
 Қарағандылық мемлекеттік симфониялық оркестрдің Түркиядағы бағдарламасы мұнымен аяқталмайды. Олар әлі Ескішехир және Бурса сияқты қалалардың тұрғындарына керемет классикалық музыка кешін сыйламақшы.
 
 
Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу