Тәуелсіздік тойына арналған концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік тойына арналған концерт өтті

25.06.2021

Түркия астанасы Анкарада Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Түркіменстанның тәуелсіздік күні мерекелеріне арналған концерт өтті. Түркі елдерінің егемендігіне 30 жыл толуына орай ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мұрындық болған кеште жергілікті өнерпаздармен қатар, әр елдің өнер ұжымдары онлайн байланысқа шығып, ән-күйден шашу шашты. Қазақстан тарапынан Құрманғазы ұлт-аспаптар оркестрі қатысты. Жақында ғана ашылған Президенттік концерт залында өткен шарада түркітілдес елдердің ұлттық ән-күйлері орындалып, билері биленді.

Өзгүл Өзкан Явуз, Түркия мәдениет және туризм министрінің орынбасары:
Көңіліміз бәріміз бір жерге жиналып, өнерпаздардың бірге өнер көрсеткенін қалайды. Алайда оған пандемия кедергі болып тұр. Дегенмен бүгінгі концертте әнші-күйшілеріміз өзіміз алыста болсақ та көңіліміз, өнеріміз бір жерде екенін көрсетті. Осындай шаралар ортақ өнерімізді, мәдениетімізді, бауырластығымызды білдірсе керек. Бұл ерекше шараны ұйымдастырған ТҮРКСОЙҒА және қатысқан барлық өнерпаздарға алғысымды білдіремін

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу