Эдинбург халықаралық өнер фестивалі тамыз айында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эдинбург халықаралық өнер фестивалі тамыз айында өтеді

07.08.2015
Эдинбург халықаралық  өнер фестивалі тамыз айында өтеді

Эдинбург халықаралық өнер фестивалі – бүкіл әлем бойынша жетекші шығармашылық ұжымдарының классикалық, оркестрлік, камералық және вокалдық музыка концерттері мен театр қойылымдарының орындауындағы өнерді  қамтиды.

Фестиваль әр жыл сайын Шотландия астанасында өткізіледі.

Өнер фестивалі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропалық өнер рухын жандандыру үшін 1947 жылы құрылған.

Қазіргі уақытта, фестиваль қатысушылары ондаған мемлекет шығармашылық топтары мен суретшілері.

Фестиваль ресми бағдарламалы және бейресми  болып бөлінген.

Дәстүр бойынша  фестивалға Шотланд симфониялық және камералық оркестрі, Фин радио симфониялық оркестрі, Кливленд және Миннесота, Сидней симфониялық  оркестрлері сынды танымал ұжымдар қатысады.

Фестивальдің ресми бөлімімен қатар «Fringe» бейресми  бөлімі қатар өтеді.

Бейресми бөлімге  кез-келген өнер ұжымдары  қатыса алады.

Ресми бөлігіне қарағанда «Fringe» бейресми бөлімі карнавал түрінде көше алаңдарында қойылымдар қою арқылы өткізіледі.

Фестивалі барысында  концерттік алаңдарда 1000-нан астам қойылымды тамашалауға болады.

Фестивальдің негізгі іс-шараларының бірі «Military Tattoo»  әскери үрмелі оркестрлердің  түнгі шеруі. Түнгі шеруге 30-дан астам мемлекеттің оркестірлері қатысады.

Фестиваль Эдинбург сарайы маңындағы саябақта отшашумен аяқталады.

Аталмыш фестивалді басқа фестивальдармен салыстырғанда  өнердің түрлі салаларын қамтып, әртүрлі мәдениеттерді тоғыстырғаны ерекшелейді.

Хабарламаларға жазылу