Түркістан облысында полицей үйінің шатырын шағын музейге айналдырған
Түркістан облысының Сайрам ауданында тұратын полицей үйінің шатырын шағын музейге айналдырған. Онда кеңестік заманнан қалған көне заттардың түр-түрі бар.
42 жастағы Сухраб Ирназаров соңғы 7 жылдан бері байырғы заттарды жинап келеді. Қазір мұнда мыңға жуық ескі монеталар мен өткен ғасырдың ескі тұрмыстық техникасы, телефондар мен тігін машиналары бар. Сондай-ақ, фотоаппараттар мен музыкалық аспаптар, радионың 250-ге жуық түрін көруге болады. Музейге келушілер құдды бір Кеңес үкіметі заманына еніп кеткендей әсер алып, әлеуметтік желіге суретке не видеоға түсіп жатады екен. Коллекционер көне заттарды қоқыстардан да алып, жинайтынын айтты. Полицей болашақта үйінің шатырындағы музейді кеңейтуді көздейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЭЕК наурыз мерекесін атап өтті
13.04.2026, 13:24
Неймар қазақстандық киберспортшының фотосын жариялады
13.04.2026, 13:21
«SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу Павлодарда өтті
13.04.2026, 13:15
Таразда «Таза тыныс» саябағы ел игілігіне беріледі
13.04.2026, 13:12
Ақтауда қант диабетіне шалдыққандардың денсаулығы нашарлай бастаған
13.04.2026, 13:09
Иран мен АҚШ ортақ мәмілеге келген жоқ
13.04.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Ирак Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
13.04.2026, 13:03
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды
13.04.2026, 13:00