Бурабайда тағы да сілеусін таспаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда тағы да сілеусін таспаға түсті

28.10.2021

Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында бірнеше сілеусін таспаға түсті. Фототұзақ бейнесіне тау-тасты аралап жүрген бір ересек сілеусін мен екі күшігі жазылған. Бұл аймақта жыртқыш аңның бейнекамераға жазылуы осымен екінші рет. Алғашқы жазба екі апта бұрын тіркелген еді. Осы жолғы бейне күндіз таспаланған. Бурабай өңірінде бұл жыртқыш сирек кездеседі. Мамандардың айтуынша, ұлттық табиғи саябақ аумағында 15 шақты сілеусін бар. Ал жалпы Бурабай аймағында аңдардың 37 түрі кездеседі. Оларды бейнеге түсіру кейінгі жылдары қолға алынды.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу