Бурабайда сілеусін таспаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда сілеусін таспаға түсті

15.10.2021

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сілеусін таспаға түсіп қалды. Бұл аумақта жыртқыш аңның бейнекамераға жазылуы алғаш рет тіркеліп отыр. Жалпы өңірде сілеусін сирек кездеседі. Өте сақ жануар болғандықтан, оны фотоға түсіру қиын. Мамандардың айтуынша, ұлттық табиғи саябақ аумағында шамамен 15 шақты сілеусін бар. Ал жалпы Бурабай өңірінде аңдардың 37 түрі кездеседі. Қазіргі уақытта саябақта 5 камера жұмыс істеп тұр.


Хабарламаларға жазылу