Семей көшесін сілеусін кезіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей көшесін сілеусін кезіп жүр

23.12.2019
Семей көшесін сілеусін кезіп жүр

Семей қаласына қарасты аудандардың бірін сілеусін кезіп жүргені видеоға түсіп қалды. Бейнетаспа желіге тарап кеткен. 

Зоолог Виктор Хромов бұл ақпаратты растап, түз тағысының қалаға кіріп кеткенін көргенін, осыған қатысты бірнеше адамның хабарласқанын айтып берді.

Зоолог сілеусіннің біреудің қолында асырауда болғанын болжап отыр. Оның айтуынша, түз тағысын біреулер орманнан ұстап алып, асыраған. Кейін ол қашып кеткен. «Жас сілеусін шошып қалған. Тезірек бір жерде бой тасалағысы келгені байқалады», - дейді зоолог. 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу