Семейде ұлы Абайға қос ескерткіш ашылды
Шығыс Қазақстандағы Қарауыл ауылында Абай Құнанбайұлына қос бірдей ескерткіш ашылды. Мүсіннің бірі ақын атымен аталатын кәсіптік лицейдің кіре берісіне орнатылды. Ұлы ақынға арналған тағы бір бюст Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназиясының алдына қойылды. Туынды авторы Қытай Халық Республикасының атақты мүсіншісі Юань Сикунь. Сыйға тартылған қола мүсін екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың беріктігінің белгісі әрі ұлы ақынға деген Қытай халқының тағзымы, дейді Абай жұртшылығы.
Төлеген Жанғалиев, ақын:
Бұл деген үлкен нәрсе. Яғни екі миллиардтан астам халқы бар мемлекеттің Абайға деген тағзымы. Табынуға емес, тануға басталған шаруа дүниежүзінде басталды деп ойлаймыз. Ескерткіш қайырлы болсын!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05