9 жасар бала інілерін өрттен құтқарып қалды
Батыс Қазақстан облысында 9 жастағы бала інілерін өрттен құтқарып қалған. Оқиға Сырым ауданы Аралтөбе ауылында болған.
Ата-анасы жұмыста жүрген кезде Бейбарыс Тлекберген үйде інілеріне қарап қалған. Бір кезде электр сымдары тұйықталып, үйден өрт шығыпты. Үйдің ішін әп-сәтте түтін басқан. Бейбарыс ойланбастан, екі інісін сыртқа шығарып үлгерген. Осылайша кішкентай бала үлкен ерлік көрсетіп, бауырларын аман алып қалды. Жас батырды облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Елдос Батталов марапаттады. Қазір бес балалы отбасы уақытша коммуналдық пәтерде тұрып жатыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17