Мұғалімдерді қосымша жұмысқа жеккендер жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдерді қосымша жұмысқа жеккендер жауапқа тартылады

21.10.2021

Мұғалімдерді қосымша жұмысқа жеккендерге жауапкершілікті қатаңдату керек. Бұл жайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Өткен аптада Семейде оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жібергені жайлы ақпар тарағаны белгілі. Бұған қатысты министр «2019 жылы желтоқсанда қабылданған заң шеңберінде педагогтарды өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынғанын атап өтті. Мұғалімдер тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек деді. Министр Ұлттық жобадағы бірнеше маңызды тұстарды да айырықша атап өтті.

Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрі: 
Осы ұлттық жобада енгізілмеген басқа да маңызды мәселелер тиісті саланы дамыту концепциясында қаралып жатыр. Жылдың соңына дейін осы концепцияда бекітіліп, қарастырылатын болады.


Хабарламаларға жазылу