Мысырда кинофестиваль өтетін сарайдан алапат өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда кинофестиваль өтетін сарайдан алапат өрт шықты

14.10.2021

Мысырдың әл-Гуна қаласындағы Конференциялық және мәдени орталықта алапат өрт шықты. Оның басты залы кинофестиваль басталарда жанған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт сөндірілді және одан ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен, Би-би-си-дің мәліметінше, 8 адамға дәрігерлік көмек көрсетілді.

Мұнда фильм фестивалі қазанның 14-і мен 22-сі аралығында өтуге тиіс. Және де онда арабтар мен әлемнің 80 шақты картинасын көрсету жоспарланған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу