Грекияда босқындар лагерінде алапат өрт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда босқындар лагерінде алапат өрт болды

30.09.2019

Грекияның Лесбос аралында 12 мың босқын қоныстанған «Мориа» лагерінде алапат өрт болды. Кейбір деректер бойынша, бір әйел мен бала қаза тапты.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мигранттар өздерін аралдан көшіруді талап етіп, наразылық білдірген. Оның соңы полициямен қақтығысқа ұласып, шатырлардың бірінде өрт шықты. Жаппай тәртіпсіздікті басу үшін тәртіп сақшыларына көз жасаурататын газ қолдануға тура келген.

Бұл лагерь бар болғаны 3 мың адамға арналған. Дегенмен, Түркия арқылы Сириядан ағылған мигранттар саны жыл сайын артып, онда жағдай ушығып барады. Сондықтан, жергілікті билік басқа өңірлерден аралдағы мигранттарды қабылдауды сұрап отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу