Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты

21.01.2021

Алматыда ағаш қоймасынан алапат өрт шықты. Тілсіз жау таңғы сегіздер шамасында тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенде қызыл жалын 1500 шаршы метр аумаққа тараған. Соның кесірінен оттың 10-15 метр қашықтықта орналасқан көрші қоймаларға таралу қаупі туындады. Қызыл жалынды сөндіру үшін 66 маман мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт жарты сағат ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқыс оқиғаның шығу себебі анықталуда.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу