Лондонда қоймадан алапат өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда қоймадан алапат өрт шықты

24.11.2017

Лондонның солтүстігінде Пондерс Энд ауданындағы қоймадан алапат өрт шықты. Соңғы деректер бойынша, лапылдаған от ғимараттың астыңғы екі қабатын шарпып, шатырдан қара түтін будақтады. Тіпті, жанында тұрған қаржы орталықтары орналасқан ауданға да қауіп төнді. Тілсіз жаумен күресуге 80-нен астам өрт сөндіруші мен 12 машина жұмылдырылды.

Оқиға орнынан куәгерлер әлеуметтік желілер арқылы түрлі бейне таратып жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ          

Хабарламаларға жазылу