Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртенді

17.09.2021

Алматы орталығындағы көпқабатты үйдің шатырынан өрт шықты. Тұрғындар дереу эвакуацияланды.

Алапат өрт түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы үйлердің бірінен шыққан. Полиция алаңды қоршап, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын шектеді. Арнайы штаб құрылып, қызыл жалын толық ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу