Президент 10 ұлттық жобаны бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент 10 ұлттық жобаны бекітті

13.10.2021

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Дені сау ұлт», «Білімді ұлт» «Ұлттық рухани жаңғыру», "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», Кәсіпкерлікті дамыту, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Жасыл Қазақстан», Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және «Қауіпсіз ел» атты оны ұлттық жобаны бекітіп, арнайы жарлыққа қол қойды. Ал оның орындалуына Президент әкімшілігі бақылайды. Құжат қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұған дейін үкімет ұлттық жобаны іске асыру экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабылеттілігін арттырып, халықтың тұрмысын жақсартатын факторға айналатынын мәлімдеген болатын. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу