Премьер-Министр Үкіметтің алдағы міндеттерін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Үкіметтің алдағы міндеттерін атады

02.02.2021

Үкімет президенттің кеңейтілген отырыста берген тапсырмасын орындау үшін арнайы жол картасын әзірлемек. Бүгін премьер Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті, осы ауқымды жоспарға енетін негізгі міндеттерді айқындап, бекітті. Экономиканы қолдап, жұртты жұмыспен қамту, баспана бағасын реттеп, денсаулық, білім салаларын жетілдіру секілді шаруа көп. Жеті негізгі бағыт бойынша 68 тапсырма беріліп отыр. Осы тапсырмаларды іске асыру аясында үш заңнамалық акті мен үш ұлттық жобаны бекіту көзделген. Олар агро өнеркәсіп кешенін дамыту, су ресурстарын басқару және 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» жобалары. «Әрбір сала бойынша жұмысты жандандыру керек», - деген Премьер-Министр қажетті межені өзі белгілеп берді. 

 Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Басты мақсат - экономикалық өсімді 3%-ға қамтамасыз ету, негізгі капиталға салынатын инвестицияларды ЖІӨ-нің 20%-на дейін және шағын және орта бизнес үлесін 30%-ға дейін ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есе арттыру, өңдеу өнеркәсібін 10%-ға өсіру, жұмыссыздықты 4,9%-ға дейін қысқарту.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу