Көкшетауда көпқабатты үйдегі жарылыстан бір адам зардап шекті
Көкшетауда көпқабатты үйдегі газ құбырында ауқау шығып, жарылыс болды. Оқиға кеше кешкі сағат 7-ден асқанда, "Көктем" шағын ауданында болған. Тұрғын үй газ тарату қондырғысына қосылған. Бір апта бойы көгілдір отын болмағандықтан, пәтер иесі баллон пайдаланған. Үйге газ берілгенде жарылыс болды. Салдарынан 51 жастағы әйел адам дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 20 пайызын күйік шалған, қазір жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер. 3 пәтердің қабырғаларына зақым келген.
Нұрлан Атығаев, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 22 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Екі әйел адамға медициналық көмек көрсетілді. Жарылыс болған пәтерде тергеу-тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17