Сенат әскери байланыс туралы заң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат әскери байланыс туралы заң қабылдады

07.10.2021

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің қарулы күштері енді бір-бірінен қажетті байланыс қызметтерін алып, кез келген ақпарат түрімен алмаса алады. Бүгін сенат ТМД елдері әскери ынтымақтастығын нығайту жөнінде заң қабылдады. Аталған құжат байланыс қызметін ұсыну, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бірлесіп айналысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сенат ТМД елдерінің минадан тазартудағы бірлескен бөлімшесіне қатысты құжатты қабылдады. Бірлескен бөлімшенің негізгі міндеті – мина алаңын зерттеу, жарылу қаупі бар заттарға техникалық барлау жасау, жауынгерлік іс-қимыл болған ауданды жарылғыш заттардан тазарту болмақ. Аталған заң Қазақстан мүше болған халықаралық ұйымдардың ережесіне қайшы келмейді деді депутаттар.  

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу