Ресейде коронавирустан бір күнде 929 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирустан бір күнде 929 адам қайтыс болды

06.10.2021

Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан 929 адам қайтыс болды. Бұл пандемия басталғалы ең үлкен тәуліктік көрсеткіш. Cонымен қатар көршілес елде бесінші күн қатарынан коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 25 мыңнан асып отыр. Инфекцияға шалдыққандардың көбі - Мәскеу тұрғындары. Жалпы, пандемия кезінде Ресейде 7 млн 600 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, оның 6 млн 800 мыңға жуығы аурудан айыққан.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу