Ресейде коронавирустан 890 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирустан 890 адам қайтыс болды

04.10.2021

Ресейде пандемияның беті қайтпай тұр. Өткен тәулікте мұнда 890 адам қайтыс болып, тағы да рекорд жаңартылды. Сонымен қатар, Федерация аумағында 26 мыңға жуық адам ковид жұқтырған.

Осы эпидемия басталғалы Ресейде бұл инфекциядан 7 жарым миллиондай адам қаза тауыпты. Ал, пандемияның басынан бері көрші елде коронавирустан 210 мың адам жан тәсілім еткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу