Кремль: Күзге дейін халықтың 60 пайызы вакцина алып үлгермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кремль: Күзге дейін халықтың 60 пайызы вакцина алып үлгермейді

30.06.2021

Ресей халқының 60 пайызын күзге дейін вакциналау жоспарын жүзеге асыра алмайды. Себебі, елде екпеге сұраныс мардымсыз болып тұр. Мұны Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Федерация аумағында өткен тәулікте коронавирустан 652 адам қаза тауып, тағы да рекорд жаңартылды. Жергілікті биліктің сөзінше, Ресейде пандемияның қайта күшеюіне ковидтің үнді штаммының кең тарауы мен тұрғындардың иммундалуға құлықсыздығы себеп.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде коронавирустан өлу оқиғалары 10 пайызға азайғанымен, жұқтырушылар соңғы жеті күнде айтарлықтай көбейген. Ал, осы вирустың «дельта-плюс» вариантының кең тарауы- жаңа ғаламдық карантинге түрткі болуы мүмкін. Соңғы дерек бойынша, планетада коронавирусты 182 миллионға жуық адам жұқтырып, 4 миллионға жуығы қайтыс болып, 3 миллиардтан астамы вакциналанған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу