Ресейде бір тәулікте коронавирустан 400 адам қайтыс болды

17.11.2020

Ресейде бір тәулікте коронавирустан 400-ден астам адам көз жұмды. Бұл пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Жалпы кеселден қайтыс болғандардың саны 32 мыңға жуықтаған. Әсіресе, Санкт-Петербург, Мәскеу және Ростов облыстарында өлім көп. Өткен тәулікте 22 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған.  

Владимир Евсеев, сарапшы: 
-Екінші толқыннан кейін, үшінші, төртінші толқын келеді. Бұған дайын болуымыз керек. Уақыт аз қалды. Коронавирус жұқтырып, жазылып шыққандар үш жыл вакцинасыз жүре алады деп айттық. Бірақ вирус мутацияға ұшырап жатыр, сондықтан бәріне дайын болуымыз керек.  

  Индира Бегайдар 


Ресей коронавирус

Хабарламаларға жазылу