Ресейде коронавирус жұқтырғандар 7 миллионнан асты
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты. Өткен тәулікте 19 мыңға жуық адамнан індет табылған. 800-ге жуығы қайтыс болды. Ковидпен күрес жөніндегі мекеме өкілдерінің есебінше, пандемия басталғалы, Ресейде қауіпті вирусқа байланысты аурулардан 187 мыңнан астам адам көз жұмды. Ал тағы бір дерек бойынша, былтырғы жылдың сәуірінен биылғы шілдеге дейін Федерация аумағында коронавирустан 365 мың адам қаза тапқан. Бұл туралы «Росстат» өткен айда мәлімдеген. Кейбір бақылаушылардың ойынша, Ресейде эпидемиялық жағдайдың нашарлауына вакциналау науқанының баяу жүргізілуі себеп болған. Оның үстіне елде коронавирустың «дельта» штамы өршіп тұр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14