Отандық профессорлар Кембриджде дәріс оқыды
Қазақстанның қос жетекші археологы, профессорлар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев Кембридж университетінің студенттері және оқытушылары алдында дәріс оқыды.
Ғалымдар біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықта қазіргі Қазақстанның аумағын мекендеген ежелгі сақтардың тарихы мен мәдениеті, қорғандарынан табылған алтын артефактілері туралы әңгімеледі.
Зейнолла Самашев, Тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Олар біздің тарихымызды дұрыстап білмейді. Білгеннің өзінде сонау Кеңес Одағы кезіндегі деректер соларды ғана біледі. Ал біздің, мінеки, әкеліп көрсеткен дүниелеріміз кейінгі 5-10 жылдың ішінде ашылып жатқан жаңалықтарға негізделген. Сондықтан олар үшін бұл өте қызықты.
Әбдеш Төлеубаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті археология кафедрасының профессоры:Бүгінге дейін сақтарды Индо-Иран, Индарий деп келсек, біз бұлардың көне түркілер екендігін, прототүркілер екендігін дәлелдеп, сөз қозғадық.
Офлайн әрі онлайн форматта өткен дәріске әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам адам қосылды. Археолог ғалымдарға сұрақтар қойып, тың ақпараттармен сусындады.
Кайра Керкер, Кембридж университетінің PHD Студенті:Металмен жұмыс істеуге арналған сол кездегі әдіс-тәсілдердің барлығы өте-өте қызық. Меніңше профессорлар ғылым үшін өте маңызды шаруа бітіріп жатыр.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасыл желектің үлесі артады
28.02.2026, 20:17
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл
28.02.2026, 20:16
Лондонда алғаш рет «Орталық Азия + Ұлыбритания» форматында жиын өтті
28.02.2026, 20:14
Қылмыскерлерді қамайтын орын жоқ
28.02.2026, 20:13
Германиядағы қазақстандық немістер Алғыс айту күнімен құттықтайды
28.02.2026, 20:10
Тілсіз жаудан құтқарғандарға алғыс айтты
28.02.2026, 20:08
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»
28.02.2026, 20:08
Әуе компанияларға Таяу Шығыстағы алты елдің әуе кеңістігі үстінен ұшуға тыйым салынды
28.02.2026, 20:08