АҚШ конгресі үкіметтің жабылуына жол бермеуге дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ конгресі үкіметтің жабылуына жол бермеуге дауыс берді

01.10.2021

АҚШ-та үкімет жабылмайтын болды. Осыдан бірер сағат бұрын президент Джо Байден федералдық агенттіктерді желтоқсанның басына дейін қаржыландыра тұру жайлы құжатқа қол қойды.

Даулы заң үшін бұған дейін Конгресстің өкілдер палатасында үлкен пікірталас болды. Егер халық қалаулылары бұл бюджеттік жобаны кеше түнгі сағат 12-ге дейін мақұлдамағанда, мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатып, миллиондаған америкалық ақысыз демалысқа кетер еді. Сондай-ақ, Құрама Штаттар мемлекеттік қарызын өтей алмай, дефолтқа ұшырап, әлем экономикасын да теңселтер еді.

Негізгі қаржылық құжатты Сенат та құптап, федералдық үкіметтің 3 желтоқсанға дейін жабылуына жол бермеуге дауыс берді.


Хабарламаларға жазылу