Ресей мен АҚШ Сирия әуесінде ұшу ережелеріне қатысты меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен АҚШ Сирия әуесінде ұшу ережелеріне қатысты меморандумға қол қойды

21.10.2015
Ресей мен АҚШ  Сирия әуесінде ұшу ережелеріне қатысты меморандумға қол қойды
Бұл туралы екі елдің Қорғаныс министрліктерінің өкілдері мәлімдеді.

Құжат араб республикасындағы авиациялық шабуыл кезінде ұшақтардың соқтығысуын болдырмауға, жанжалға жол бермеуге бағытталған. Пентагон меморандумның саяси келісім емес, тек әуе қауіпсіздігін сақтау туралы құжат екенін баса айтты.

Қазір Сириядағы «ИЛИМ» қарулы тобына қарсы АҚШ бастаған коалициядан бөлек Ресейдің әскери-әуе күштері де соғысуда.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу