Ұлыбританиядағы референдум учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританиядағы референдум учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр

05.06.2022

Ал Ұлыбританиядағы референдум учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Жабылуына әлі екі сағаттай уақыт бар. Дауыс беруге ниетті 400-ден астам отандасымыздың басым көпшілігі студенттер .Олардың белсенділігі өте жоғары. Дауыс берушілердің қатарында тек Ұлыбритания ғана емес, Исландия, Ирландия мемлекеттерінде уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан отандастарымыз бар. Дауыс берушілер арасында туристер де көп. Ұлыбританияда карантиндік шектеулер толығымен алынып тасталғандықтан еркін саяхаттап жүрген қазақстандықтар учаскелерге келіп жатыр. Комиссия мүшелері учаске жабылғаннан кейін 1-2 сағаттың көлемінде Лондондағы референдум нәтижелері белгілі болып, орталыққа жіберілетінін айтады.  

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу