2021 жылдың 8 айында Қазақстандықтар мобильдік аударымдар мен интернет төлемдерге 36 трлн теңгеге жұмсаған. Осылай деген қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, аударымдарды фискализациялау туралы заңның әзірленгенін айтты. Заң нормасы қазір парламентте қаралып жатыр. Министр кәсіпкерлер кәсіппен айналысқан кезде жеке шот ашу талап етіледі-деді. Ал, азаматтардың күнделікті аударып жүрген ақшаларына еш нұқсан келтірілмейді. Үкімет 2021-22 инфляцияны қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін 64 іс-шара қолға алмақ. Президент жолдауында берілген тапсырмалардың орындау барысында тиімділікке мұқият назар аударылмақ. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс шаралар да қарастырылған. Бизнестің көлеңкеден шығуына стимул жасау көзделген. Сондай-ақ, ұлттық қордан берілетін трансферттерді бақылау күшейтіледі.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:Бағалардың өсуін тежеуге, әлеуметтік маңызы тауарлардың бағасын ұстау бағытында 64 шараның іске асыру көзделген. Президент инфляцияны 4-6 процент шегіне қайтару күрделі мәселе. Приоритет. Ұлттық банк монитарлық құралдары жүзеге асырылады. 2022 бизнесті қолдау жалғасады.
Ғабит Бөкенбай