2022 жылы Байқоңырдан Қазақстанның  басқаруымен алғашқы ғарыш кемесі ұшырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2022 жылы Байқоңырдан Қазақстанның  басқаруымен алғашқы ғарыш кемесі ұшырылады

13.06.2017

Бұл туралы бүгін Қазақстан-Ресей үкіметаралық отырысында айтылды. «Бәйтерек» жобасы аясында зымыранды ұшыру 2025 жылға жоспарланған болатын. Бірақ, тараптар оны  мерзімінен үш жыл бұрын жүзеге асыру туралы келісімге келді. Қазір мамандар тиісті дайындықтан өтті.

«Зенит» зымыран кешенінде нақты жұмыстар жүріп жатыр. Ресей Федерациясы 15 тонна жүкті көтеретін заманауи зымыран құрастыру үстінде.  Қазақстан мен Ресей ғарыш саласын бірігіп дамытуға мүдделі. Мамандардың айтуынша, Байқоңыр алдағы уақытта алпауыт техноқалаға айналады. Сондықтан, бар мүмкіндікті пайдалану керек.   

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу