Бүгін – «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылған күні

02.06.2015
Бүгін – «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылған күні

1955 жылы 2 маусымда КСРО Қорғаныс министрлігі бас штабының ұйғаруымен «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұйымдастыру штаттық құрылымы бекітілді. Іргетасы осыдан 60 жыл бұрын қаланған айлақтан алғаш рет 1957 жылы  ғарыш кемесі ұшырылды.

Жердің жасанды серігі осылайша  көкке көтерілген еді. Адамзат баласының да тұңғыш ғарышқа аттанған жері осы «Байқоңыр».

Юрий Гагарин мінген «Восток» кемесі ғарыш кеңістігін игеруге жасалған сәтті қадам болды. «Байқоңырдан» «Восток» кемесінен бастап «Союз», «Прогресс» кемелері, «Мир» орбиталық станциялары, байланыс мақсаты үшін пайдаланатын және метеорологиялық бақылауларды жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Радуга» секілді Жердің жасанды серіктері космосқа бағыт алды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан пайдалануға берілген уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған екен. 1957-1999 жылға дейін 1115 ғарыш кемесі, 3300-дей ғарышкер көкке осы жерден көтерілген.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу