2016 жылы Байқоңырдан 18 зымыран ұшырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы Байқоңырдан 18 зымыран ұшырылады

04.02.2016
2016 жылы Байқоңырдан 18 зымыран   ұшырылады
2016 жылы Байқоңырдан 18 зымыран   ұшырылады

Биыл Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа 18 зымыран ұшыру жоспарланған. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысына келген Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Марат Демеуов айтты.

Марат Демеуовтың айтуына қарағанда Байқоңырдан ұшырылуы тиіс 18 зымыранның 12-сі «Протон» зымыраны екен. Бұл зымырандар отын ретінде гептилді пайдаланады. Сол себепті, сенаторлар зымыран апаттарына қатысты алаңдайтындықтарын білдірді. Дегенмен, депутаттар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшыру кезінде апат орын алған жағдайда бірлесе әрекет етудің тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей федерациясы үкіметі арасындағы 1999 жылдың18 қарашасындағы келісімшартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу