Үш ғарышкер орбиталық бекетке аман-есен жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш ғарышкер орбиталық бекетке аман-есен жетті

04.09.2015
Үш ғарышкер орбиталық бекетке аман-есен жетті

Бүгін Астана уақытымен 12 сағат 40 минутта «Союз» кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен аман-есен түйісті. Мұны НАСА телеарнасы хабарлауда.

Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов, ресейлік космонавт Сергей Волков және даниялық астронавт Андреас Могенсен Байқоңырдан сәрсенбі күні ұшқан.

Кеше «Союз» кемесіне 1989 жылы ұшырылған жапондық зымыранның бөлігімен соқтығысып қалмау үшін маневр жасауға тура келді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу