Қазақстандық алғашқы ғарыштық кеме Байқоңырдан 2022 жылы ұшырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық алғашқы ғарыштық кеме Байқоңырдан 2022 жылы ұшырылады

31.07.2018

Қазір экологиялық қауіпсіз  «Бәйтерек» зымыран кешенін құру жұмыстары жүріп жатыр. «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Ресейлік тарап былтыр кешенді құруды жеделдету мүмкіндігін ұсынды.

Сарапшылар атап өткендей, «Бәйтерек» зымыран-тасығышы аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, үкіметаралық комиссия «Зенит-М» зымыран-тасығышы  жерүсті ғарыш инфрақұрылымының жалға алынған нысандарын Ресей Федерациясынан шығару туралы шешім қабылдаған болатын. Нысандарды қабылдау және беру жұмыстары да аяқталуға жақын.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу