2025 жылдан бастап елімізде гептилы бар протондар ұшырылмайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылдан бастап елімізде гептилы бар протондар ұшырылмайтын болды

05.06.2017

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында айтылды. Еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов депутаттармен тың жаңалықтарымен бөлісті. «Қазақстан отандық ғарыш аппаратының орбиталық топтамасын дамытуды жалғастырады», дейді. Қазіргі таңда жерді қашықтықтан зондтау мәселесі қолға алынып отыр. Бірақ әлі де қаржы керек.

Бейбіт Атамқұлов бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатына министр болғалы алғаш рет келді. Қорғаныс және аэроғарыш саласындағы жетістіктерімен, 9 ай бойы атқарылған жұмыстарымен бөлісті. Оның айтуынша, жерсеріктерін қолдану мерзiмiнiң аяқталуына байланысты «KazSat-2» спутнигiн ауыстыру үшiн 2023 жылға қарай «KazSat-2R» жерсерiгiн iске қосу көзделiп отыр. Бұл байланыс операторларының жұмысына кедергі келтірмейді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу