Қарқаралыда Қарқабат анаға ескерткіш қойылды
Қарқаралыда Қаз дауысты Қазыбек бидің арғы әжесі Қарқабат анаға ескерткіш ашылды. Ол - ел анасы, ер жүрек батыр әйел ретінде танылған тарихи тұлға. Сол себепті бұл ескерткіш бүкіл ана атаулыға арналады. Мүсін қоладан құйылған. Биіктігі тұғырымен бірге 7,5 метрді құрайды. Авторы – қарағандылық талантты мүсінші Бейбіт Мұстафин. Ескерткіштің орнатылуына жергілікті атқамінер азаматтар бастамашы болған. Рухани шараға зиялы қауым өкілдері, Қазыбек бидің ұрпақтары, жергілікті тұрғындар қатысты.
Ұлықбек Есдаулет, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:
Сонау Қаз дауысты Қазыбектен бастап, мынау бүгінгі ғарышкер бауырымыз Тоқтар Әубәкіровтерге дейінгі қазақ тарихында айшықты із қалдырған ұлы тұлғалардың түпкі анасы болып есептеледі. Сондықтан қойып жатқан ескерткіш ұрпақ үшін өте қажетті деп білемін.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Astana Think Tank» халықаралық форумы басталды
15.10.2025, 13:19

Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
15.10.2025, 13:16
Венесуэлада алтын шахтасында 14 адам қаза тапты
15.10.2025, 13:14
Семей қаласының жаңа әкімі таныстырылды
15.10.2025, 13:12
Жетісу облысын ауыз сумен қамтуға 480 млн теңге бөлінді
15.10.2025, 13:10
АҚШ-та шатдаун кезінде 4 мыңнан аса мемқызметкер қысқартылды
15.10.2025, 13:08
Түркітілдес азаматтар Түркияда жеңілдік алды
15.10.2025, 13:06
Қазақстан тарабы америкалық инвесторлармен кездесті
15.10.2025, 13:04