Алматыда лак-бояулар сақталған қойма өртке оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда лак-бояулар сақталған қойма өртке оранды

18.07.2019

Алапат өрт Жетісу ауданында таңғы 08:00 шамасында басталған.

Оны сөндіру үшін 30-ға жуық техника мен 70-тен астам адам жұмыс істеп жатыр. Таңертеңнен бері мұнда тікұшақтардың көмегімен 50 тоннадан астам су төгілген. Соның нәтижесінде қазір өрт толықтай өшірілді. Ал оның неден шыққаны әзірге белгісіз. «Абырой болғанда, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ», - дейді төтеншеліктер. Алдын ала болжам бойынша, бұл қоймада 200 тоннаға жуық лак-бояу бар.

Ольга Рудковская, куәгер:

Ұйқыдан тұрып, жуынбастан далаға шығып кеттім. Себебі менің үйім қоймаға жақын орналасқан. Сыртқа шықсам, дала көк түтін екен. Бірден осы жерге келдім. Бірақ ешқандай жағымсыз иіс болмады. Адамдары дін аман. Бұл қоймадан біз үнемі бояу сатып алатынбыз. Өте сапалы және бағасы да арзан болатын.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу