Алматыда «Қазақфильм» өртке оранды

15.08.2020

«Қазақфильмде» алапат өрт болды. Тілсіз жау кеше кешкі 9 жарымда басталған. Өртті ауыздықтауға төтеншеліктермен қатар, полиция, жедел жәрдем және құтқару қызметінің мамандары атсалысты. Қызыл жалын толықтай сөндірілді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Әділбек Жұмабаев, Алматы қалалық ТЖД жедел кезекшінің орынбасары:

Екі нысанның алғашқысында құрылыс материалдары сақталған. Өрт ашық алаңда болғандықтан, басқа ғимараттарға қауіп болды. Дер көзінде тоқтатып үлгердік. Ал екіншісі ағаштан жасалған декорациялар сақталған қойма болып шықты. Өкінішке қарай, толықтай жанып кетті.

Ақан Сатаев, «Қазақфильм» АҚ президенті:

Қазір мен «Қазақ хандығы» кинокартинасының декорациясы жанында тұрмын. Өртенген нысан дәл осы жерден 200 метр жерде орналасқан. Өрттің қасақана жасалғаны анық. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Шығын аса көп емес. Осыны жасаған қылмыскерлер жазасын алады деп үміттенемін. 

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу