ҚР АҚДМ-ң «Adaldyq alańy» кеңсесі мен «Даму» Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР АҚДМ-ң «Adaldyq alańy» кеңсесі мен «Даму» Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ меморандумға қол қойды

20.08.2021
ҚР АҚДМ-ң «Adaldyq alańy» кеңсесі мен «Даму» Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ меморандумға қол қойды

Бүгін, 20 тамызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyq alany» жобалық кеңсесі мен «Даму» Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуге ҚР АҚДМ аппаратының басшысы Айжан Шайназарова, «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы Тимур Жұмырбаев, Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрайымы Лима Диас және «Даму» Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.

Бұл ынтымақтастық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мүлдем төзбеушілікті ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігерді дамытуды көздейді.

Жастар мен студенттер ұйымдары үшін білім беру тренингтері өткізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында әлеуметтік бейнероликтер жасалады, сондай-ақ шығармашыл жастарды қолдау мақсатында эссе мен суреттер жазу бойынша конкурстар жарияланады.

Бұл бастамалар жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру процесіне тартуға бағытталған.

«Бүгінде дәл осы жастар қоғамдық өрістегі үрдістерді жиі қалыптастырады. Біз үшін қазіргі жастардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстануы маңызды. Бұл студенттер үшін де, жұмысшы жастар үшін де өзекті», - деп атап өтті «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Т.Жұмырбаев.

Құжатқа «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен іске асырылатын «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы шеңберінде қол қойылды.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

Хабарламаларға жазылу