Арыстағы жағдайға байланысты соңғы ақпараттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы жағдайға байланысты соңғы ақпараттар

25.06.2019

Арыс қаласы тұрғындарына  барша қазақстандықтар тарыпынан көмек көсрету жөнінде ұсыныстар түсіп жатыр. Өңір жұртшылығы   төтенше жағдайдан зардап шеккендерге  жәрдемдесу үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда. Сондай-ақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ардагерлері де Арыстағы ағайынға көмек қолын созу үшін, арнайы комиссия құрып, қаражат жинауды бастап кетті.

 

Қайырлы кеш көрермендер. Елдік те, ерлік секілді сын сағтта танылады. Қайырымдылық  акциясына облыстағы барлық мекемелер, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арнайы есепшотқа бір күндік жалақыларын аудара бастады. Бизнес құрылымдары мен кәсіпкерлер де қаржылай үлес қосуда. Зардап шеккендер қазір азық түлік, жатын орынмен қамтамасыз етілген. Енді олардың үйлерін қалпына келтіруге  құрылыс материалдары қажет. Атап айтқанда, терезе әйнектері, жабын материалдары, өзге де құрылыс материалдарынан қолдау күтеді. Мұндай ізгілікті істердің нақты жай-жапсарын енді Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Бейсенбай Тәжібаевтан сұрап білсек.

 

 

Бейсенбай Тәжібаев, Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

 

Рақмет, сізге! Бүгін Арысқа жақын ауылдар мен барлық аудандардан азық- түлік пен киім-кешек жеткізілді. Аудан, қала әкімдіктері жүктелген міндетке сай жұмыс атқаруда. Тұрғындарды эвакуациялық орынға жеткізілуін және оларға барынша қолайлы жағдай жасау ісін қадағалауда. Қоныстандыру орталықтарының жұмысы төтенше жағдай толық аяқталғанша жұмысын жалғастырады.

 

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу