Қазақстанға Қытай вакцинасының 1 млн дозасы жеткізілді
Еліміз Қытайдың «Sinopharm» компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы тағы бір екпенің 4 миллион дозасын сатып алған. Бүгін Алматыға соның алғашқы партиясы жеткізілді. Вакцина Бейжің биологиялық өнімдер институтында әзірленген. Алғашқы 1 миллион доза арнайы жапсырма жабыстырылғаннан кейін өңірлерге жіберіледі. Қытай екпесін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 7 -ші мамырда мақұлдаған. Вакцина инактивті және екі дозалы. 45 елде ересектерге салуға рұқсат берілген. Атап өтерлігі, бұл екпе- Қазақстанда тіркелген бесінші вакцина.
Шолпан Әділбекова, «СҚ-Фармация» ЖШС Алматы қаласы бойынша жауапты менеджері:«Sinopharm» -ның ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді. +2, +8 градуста сақталады және тасымалданады. Бұл - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіпсіз және тиімді деп бағалаған алғашқы Қытай препараты. Жақын арада жер-жердегі емханаларға жеткізуді бастайды. Кез келген тұрғын осы вакцинаны салдырса болады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17